Таргет (таргеттелген жарнама) — әлеуметтік желідегі жарнама. Оны барлығына емес, өзіңіз таңдаған адамдарға көрсетеді: қала, жас және қызығушылық бойынша. Мысалы, кофехана жарнаманы тек 2 км радиуста тұратын немесе жұмыс істейтін адамдарға көрсетеді. Жарнаманы таргетолог баптайды.
Таргет қалай жұмыс істейді?
- Жарнаманы кімге көрсету керегін таңдайсыз: қала, жас, қызығушылық.
- Жарнама дайындайсыз: видео немесе сурет, мәтін, баға.
- Instagram мен Facebook жарнаманы дәл сол адамдарға көрсетеді.
- Адам WhatsApp-қа жазады немесе өтінім қалдырады.
- Таргетолог сандарды күн сайын қарайды және нашар жарнаманы өшіреді.
Қарапайым посттан айырмашылығы неде?
Постты тек жазылушыларыңыз көреді. Жарнаманы сізді әлі білмейтін, бірақ қаласы мен қызығушылығы бойынша сәйкес келетін адамдар көреді. Сондықтан таргет жаңа клиенттер әкеледі.
Таргет қанша тұрады?
Екі төлем бар: платформаға төленетін жарнама бюджеті және маманның жұмысы. Бізде таргет толық қызмет ретінде — айына 150 000 ₸-дан, бәрі кіреді. Толығырақ: «Стоимость» бетінде (орысша).
Жарнаманы қай тілде жасау керек?
Ең дұрысы — тексеру: бір жарнаманы қазақша, бірін орысша іске қосып, өтінім бағасын салыстырыңыз. Толығырақ — «Реклама на казахском или на русском» мақаласында (орысша).
Жарнаманы кім баптайды? Бұл туралы — «Таргетолог деген кім?» бетінде. Орысша нұсқасы: «Таргет: что это простыми словами».
Жарнамаңызды бірге баптайық па? WhatsApp-қа жазыңыз — қазақша да, орысша да жауап береміз.
WhatsApp-қа жазу →