Таргетолог — Instagram, Facebook және TikTok-та жарнаманы баптайтын және жүргізетін маман. Ол жарнаманы кімге көрсету керегін таңдайды, жарнама дайындайды, іске қосады және бір өтінімнің бағасын күн сайын бақылайды. Оның нәтижесі — лайк емес, өтінімдер мен сатылым.
Таргетолог не істейді?
- Бизнесті талдайды: не сатасыз, кімге сатасыз, орташа чек қандай.
- Аудиторияны таңдайды: қала немесе радиус, жас, қызығушылық.
- Жарнама дайындайды: ұсыныс, мәтін, видео.
- Жарнама кабинетін баптайды: мақсат, бюджет, WhatsApp немесе өтінім формасы.
- Күн сайын сандарды қарайды: шығын, өтінім саны, бір өтінімнің бағасы.
- Есеп береді: не істелді, қанша өтінім түсті, әрі қарай не істейміз.
Таргетологты қалай тексеруге болады?
- Сандары бар кейстерді сұраңыз: қанша өтінім, қандай бағамен, қандай мерзімде.
- Жарнама кабинеті сіздің атыңызға ресімделуі керек.
- Есеп өтінімдер мен сатылым бойынша болсын, тек қамту бойынша емес.
- Шарт жасаңыз: не істелетіні мен мерзімі жазылсын.
Таргетолог қанша тұрады?
Маманның жұмысы мен жарнама бюджеті бөлек төленеді. Бізде таргет толық қызмет ретінде — айына 150 000 ₸-дан, бәрі кіреді. Біздің қызметтер: «Услуги таргетолога» (орысша).
Таргеттің өзі не екенін — «Таргет деген не?» бетінен оқыңыз. Орысша нұсқасы: «Кто такой таргетолог и что он делает».
Жарнамаңызды бірге баптайық па? WhatsApp-қа жазыңыз — қазақша да, орысша да жауап береміз.
WhatsApp-қа жазу →